Қазақстандық вакцинаның артықшылығы қандай – маман жауабы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - И. Жекенова атындағы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы инфекция бөлімшесінің меңгерушісі, инфекционист, пульмонолог Абзал Малбасқанов ҚазАқпарат тілшісіне қазақстандық вакцинаның артықшылықтары туралы айтып берді.

- Респираторлық вирустық инфекция мен созылмалы аурулардың өршуі кезінде коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға бола ма?

- Вакцина ағзаға, иммундық жүйеге қажет. Егер ағзада қандай да бір қабыну процесі болса, өзгерістер байқалып жатса, онда вакцинация жасалмауы керек. Бұл организмге қосымша жүктеме әкелуі мүмкін. Денсаулығы жақсарғанан кейін салдыруға әбден болады. Мысалы, жіті респираторлық вирустық инфекциядан толық жазылған соң салдыру қажет деп ойлаймын. Қарт кісілер вакцинацияның алдында дәрігерден кеңес алуы тиіс. Жастарға келетін болсақ, денсаулықтары жақсы болса, неге вакцина алмасқа.

- Вакцинациядан бұрын антиденеге және коронавирусқа ПТР тапсыру керек пе?

- Егер адамның жұқтырған науқаспен байланысы болмаса, әрине, ПТР тесті қажет емес. Егер адам өткен жылы немесе жақында ауырған болса. Бұл жағдайда оған антиденелердің болуын анықтау үшін иммуноферменттік талдау (ИФТ) жасатқаны дұрыс. Егер антиденелер аз титрде болса немесе мүлдем болмаса, онда ИФТ тестін өткізіп, содан кейін екпе салдыру керек. Отбасында бір адам ауырып қалса, екіншісі өзін-өзі қорғау үшін вакцина салдыруға жүгіреді. Ондай жағдайлар бар. Бұл кезде адам инфекцияны жұқтырып алуы да мүмкін. Кейін, коронавирус анықталғанда вакцинадан кейін ауырдым деп айтады. Мұндай жағдайда алдымен ПТР тест жасатып 7-14 күн өткенін күткен дұрыс, егер бәрі жақсы болса, вакцина салдыруға болады.

- Қазақстандық вакцинаның артықшылықтары қандай?

Біріншіден, біз өз вакцинасын шығарған елміз. Мұның өзі айтарлықтай жетістік. Қазақстанда ғылымның үлкен қоры бар. Коронавирусқа қарсы вакцина жасалған институтта бұған дейін талай екпе дайындалған. Ол вакцинаны бірнеше ұрпақ алды. Шүкір. Бәріміз аман-сау жүрміз. Қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина механизмі дәлелденген тәсілмен жасалды. Ол коронавирус инфекциясын тудыруы мүмкін емес.

Алдымен, еуропалық вакциналарды алайық, оларды мұздатқышта -70 градус температурада тасымалдау керек.

Егер жақын елдерден келетін вакцина туралы айтатын болсақ. Бұл сол «Спутник-V», оны -18 градус температурада тасымалдауға болады. Яғни, қарапайым тоңазытқышта.

Біздің вакцинаның артықшылығы неде? Отандық вакцина жасушалық иммунитетті қауіпсіз түрде қоздырады. Оны арнайы тоңазытқышта сақтаудың қажеті жоқ. Екпені жеткізу үшін күрделі қондырғылар қолданылмайды. Температурасы 2-8 градустық техниканың болғаны жеткілікті.

«QazCovid-in» өз халқын қамтамасыз ету үшін жаңа ғана шығарылды.

– Әңгімеңізге рахмет!


Соңғы жаңалықтар