Қазақстандық вакцинаны салдыратын еріктілерге ақы төлене ме

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық вакцинаны салдыратын еріктілерге ешқандай ақы төленбейді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Екпе салдыратын еріктілерге ешқандай ақы немесе басқа да материалдық сыйлықтар берілмейді. Тек қана мемлекет тарапынан олардың өмірі мен денсаулығы сақтандырылады. Егер екпе салған ерікті ауырып қалса немесе денсаулығына басқа да зиян тиіп жатса, сақтандыру арқылы медициналық көмек ала алады.

Еріктілер тізімін бекіту жөніндегі сұрақты Білім және ғылым министрлігінің комитетіне жолдау керек. Ал жалпы неғұрлым көп адам клиникалық тексеруден өтсе, соғұрлым вакцинаның сапасы ертерек белгілі болады», - деп жауап берді ресми өкіл Орталық коммуникациялар қызметінде тілші сұрағына.

Айта кетейік, коронавирус инфекциясына қарсы «QazCovid-in» қазақстандық вакцинасының клиникалық сынағына қатысуға 627 адам өтінім берген.



Соңғы жаңалықтар