+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Қазақстандық вакцинадан кейін антидене қанша уақыт сақталады

2021 жылғы 14 сәуір 14:55
Бөлісіңіз:
Қазақстандық вакцинадан кейін антидене қанша уақыт сақталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігі Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья қазақстандық вакцинадан кейін антидене қанша мерзім сақталатыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанға 13 маусым күні келген жолаушылардың барлығында анықтама болған Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны азайды Вакцинаның бірінші дозасын алған адам аурып қалса, екінішісін алты айдан кейін салдырады - эпидемиолог

Спикерге «Спутник-V» вакцинасы ағзаға вирусты екі жылға дейін жолатпайды. Яғни, екі жыл бойы антидене қалыптасады деп жатыр. Ал «QAZVAC» күші қанша уақытқа жетеді?» деген сұрақ қойылды.

«Спутник-V» екі жыл иммундық жауапты ұстап тұруы үшін екі жыл бойы оны тексеру керек. Бүгінгі күні бұл зерттеулердің жүргізілгеніне тек қана бір жыл болды. Сондықтан, оны нақты айту қиын. Біздің вакцинамыз туралы толық ақпаратты клиникалық зерттеудің үшінші фазасы аяқталған соң айта аламыз. Дегенмен ең басында ғалымдардың өзі вакцина салған сәттен бері тоғыз ай өтті. Тоғыз айдың ішінде иммундық жауап жоғары болып тұр», - деп жауап берді К. Закария Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов еріктілердің клиникалық зерттеуі қалай өтіп жатқанын айтып берген еді.

Сонымен бірге, Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты жануарлардың коронавирусына қарсы вакцина әзірлеуді жоспарлап отыр.

Вакцина әзірлеп жатқан Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының еңбекақысын көтеруге қаражат бөлінді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT