Қазақстандық вакцина қай жерде өндіріліп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Qazcovid-in қазақстандық вакцинасы туралы» брифингіде Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья қазақстандық вакцина қазір қай жерде өндіріліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«QazCovid-in вакцинасы қазіргі уақытта Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында өндіріліп жатыр. Вакцина өндіретін құрылғыны ҚР Білім және ғылым министрлігі сатып алып берген», - дейді Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья.

Оның айтуынша, бұл құрылғысыз аталған вакцинаны өндіру мүмкін болмас еді.

«Өндіріс көлемі бойынша «СҚ-Фармациямен» келісім жасадық. Ол 50 мыңнан басталып, біртіндеп айына 500 мың дозаға дейін өседі. Алғашқы 50 000 доза сәуір айының соңында шығарылады», - деп атап өтті ол.


Соңғы жаңалықтар