+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Қазақстандық вакцина қашан өз елімізде құйылады – Ералы Тоғжанов жауабы

2021 жылғы 23 маусым 17:45
Бөлісіңіз:
Қазақстандық вакцина қашан өз елімізде құйылады – Ералы Тоғжанов жауабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны Түркияда құю туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алмаз Шарман коронавирустың «Eta» штамы туралы айтты «Алматы Су» қызметкерлері 100 пайыз коронавирусқа қарсы вакцина алды Алматыда бір тәулікте 5 мыңнан астам адам вакцина алды

Оның айтуынша, Үкімет отандық вакцинаны құюға қатысты түрлі нұсқаларды қарастырып жатыр.

«Мен вакциналар өндірісін кепілді түрде қамтамасыз етуім керек. Өздеріңіз жақсы білесіздер, вакциналарды өндіргенге дейін, құйғанға дейін – мұның барлығы биологиялық қауіпсіздік ҒЗИ өндіріс көлемінде жасалады. Онда субстанция дайындалады, содан кейін өнім, содан кейін ғана вакциналар құйылады», - деді Е. Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде тілшілер сұрағына берген жауабында.

Ералы Тоғжанов Отардағы биофармацевтикалық зауыттағы жұмыстар жеделдетілген түрде жүріп жатқанын айтты.

«Сәуір айында зауыт құрылысын аяқтадық. Қазіргі уақытта жабдықтарды монтаждау аяқталды. 19 маусымда біз құю желісін алғаш рет сынама ретінде іске қостық. Негізі, Қазақстанда да құю мүмкіндігі бар. Қазір валидациялық кезең жүріп жатыр, ол бір жарым - екі айға созылады. Біз тамыз айының соңында және қыркүйектің басында 600 мың дозаны өз зауытымыздың базасында құямыз», - деді Е. Тоғжанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT