Қазақстандық вакцина қалай шығарылады - фоторепортаж

None
None
ҚОРДАЙ. ҚазАқпарат – Қазақстандық журналистер арнайы стратегиялық нысан – Жамбыл облысында орналасқан биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында болып, коронавирусқа қарсы алғашқы отандық вакцинаның қалай өндіріліп жатқанын білді.

Институттың қалай жұмыс істеп, адам өмірін құтқара алатын отандық препараттың қандай еңбекпен өндіріліп жатқаны туралы «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігінің арнайы материалынан оқи аласыз.

Қазақстанда шығарылған вакцинаның 50 мың доза көлеміндегі алғашқы партиясы 25 сәуірден кейін қолжетімді болады. Вакцина әзірге Биологиялық қауіпсіздік проблемалары Ғылыми-зерттеу институтының қабырғасында шығарылып жатыр.

Биологиялық қауіпсіздік проблемалары Ғылыми-зерттеу институтының Бас дирекоры Күнсұлу Зәкария вакцинаның 50 мың дозасы 25 мың адамға екпе жсауға мүмкіндік беретінін мәлімдеді.

Вакциналау екі кезеңмен жүргізіледі: әуелі бірінші компонент енгізіліп, екінші дозамен қайталап егу 21-ші тәулікте жүргізіледі.

Бүгінде Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ мен «СК-Фармация» арасында вакцинаның 2 млн дозасын жеткізу жөнінде келісім бар. Вакцина өндірісінің көлемін арттыру үшін Қазақстан аумағында олардың өндірісін өсіруге болатын алаңдар таңдалады.

ҒЗИ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары туралы

Журналистер арнайы пресс-тур кезінде Биологиялық қауіпсіздік проблемалары институтының (БҚПҒЗИ) жұмысымен танысты. Бұл мекемеге кез келген адам кіре алмайды. БҚПҒЗИ – стратегиялық, арнайы тәртіпті ұстанатын нысан. Институт Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Гвардейский кентінде, ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты Отар қырқыншы әскери базаның аумағында орналасқан. Нысанды ҚР ІІМ «Жамбыл облысы бойынша мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ-нің бөлімшесі күзетіп отыр. Институттың жұмысына ҰҚК Жамбыл облысындағы департаменті жетекшілік етуде.

БҚПҒЗИ аса қауіпті инфекциялар патогендерімен жұмыс істеуге рұқсаты бар. Мұнда аса қауіпті инфекциялармен жұмыс істеуге арналған биологиялық қауіпсіздіктің екінші және үшінші деңгейлерінің зертханалары орналасқан. Бүгінде институтта 214 адам еңбек етіп, 13 зертхана жұмыс істер отыр.

Жалпы алғанда, ғылыми-зерттеу институты жыл сайын қауіпті және аса қауіпті инфекцияларға қарсы 27 млн астам дозаны соның ішінде шетелдерге де жеткізіп беріп отыр. Денсаулық сақтау және ветеринария үшін вакцина, тест-жүйелер және биопрепараттардың 67 атауы өндіріліп, енгізілген.

«Ветеринарлық вакцина шығарылатын желілерде денсаулық сақтауға арналған вакциналарды шығаруға болмайды. Оның белгілі бір нормалары мен қатаң ережелері бар. Медицинада қолданылатын вакциналарға қойылатын талаптар әлдеқайда жоғары», - деп ақпараттандырды бізді БҚПҒЗИ Бас директор Күнсұлу Зәкария.

Отандық вакцина қалай әзірленеді

Вакцина өндірісінің бірінші кезеңі

Жасуша технологиясы зертханасы. Мұнда кез келген вакцина, соның ішінде COVID-19 вирусына қарсы вакцина өндірісінің бастапқы кезеңі болып табылатын жасушалық желіні көлемді культивациялау жүргізіледі.

Ыстық бөлмеде жасуша өсіріледі. Ғалымдардың түсіндіруінше, жасуша тірі негіз болып табылады. Қарапайым тілмен айтқанда, вакцинаны шығару үшін бірінші кезеңде жасушалар өсірілуі тиіс, ал жасушада вирустар өсетіні белгілі.

Аталған зертхана вирусты өсіруге арналған субстратты әзірлеу жұмыстарын жүргізеді.

«Зертханада жасушалар мәдениеті, дәлірек айтқанда, вирустың өсуіне арналған Веро шығарылады. Вероны маймыл – африкалық жасыл мартышканың бүйрегінен алады. Қазіргі кезде бұл ДДСҰ сертификатын алып, барлық тексерістен өткен және адамға арналған вакциналарды әзірлеуге қолданыла алатын жалғыз мәдениет. Біз оны коронавирус инфекциясына қарсы қолданып жүрміз», - деді ҒЗИ Жасуша технолгиясы зертханасының меңгерушісі Әзиз Наханов.

Зертхананың негізгі міндеті – вирустың көбеюіне септігін тигізетін жағдай құру.

«Жасушалардың өсуіне 37 градус температура қажет. Бұл – тірі организмдер. Айналдырылмалы ыдыстарда Веро жасушаларының мәдениеті орналасқан. Олар үшін барлық жағдай жасалды. Олар мұнда өсіріліп, жиналады. Жасушалар масса жинаған соң, біз бұл ыдыстарды вирусты өсіру үшін жібереміз», - деп нақтылады ғалым.

Вакцинаны өндіру үшін, көп вирусты өсіру қажет. Ғалымның айтуынша, ол үшін бұл вирусты «тамақтандыру» қажет.

«Вирусқа жеке генетикалық препаратын дамыту үшін тірі ағза қажет. Вирус тірі ағзасыз өспейді, мәселен, ол бактерия секілді қандацй да бір ортада өсе алмайды. Веро ұзақ жылдар бойы сақтала алады. Веро сұйық азот жағдайында (минус 196 градус) 20-30 жыл тұра алады», - деп атап өтті Ә.Наханов.

Жануарларға өткізілген сынақ: антиденелер 8 айдан астам уақыт сақталып отыр.

Айнұр Нұрпейісованың ҒЗИ Технологиялар мен препараттардың қауіпсіздігін бақылау зертханасының меңгерушісі болып жұмыс істегеніне 8 айдан асты. Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаның алғашқы клиникалық сынақтары ғылыми-тәжірибелік биологиялық клиникада жүргізілген. Қызметкердің баяндауынша, мұнда отандық вакцинаның қауіпсіздігі мен иммундылығын анықтауға бағытталған клиникаалды зерттеулер зертханадағы жануарлар – ақ тышқандар, теңіз шошқалары, егеуқұйрықтар, күзендер мен резус-макакаларға жүргізілді.


Соңғы жаңалықтар