Қазақстандық үшінші боксшы Страндж кубогының финалына шықты
2022 жылғы 25 ақпан 22:18

Қазақстандық үшінші боксшы Страндж кубогының финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Болгария астанасында өтіп жатқан Страндж кубогы турнирінде үшінші қазақстандық былғары қолғап шебері финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турнирде 81 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан қазақстандық боксшы, 2016 жылы біріншілігінің чемпионы Ләззат Күнгейбаева жартылай финал жекпе-жегінде үндістандық Нандиниді 5:0 есебімен тізе бүктіріп, финалға шықты.

Енді ол халықаралық турнирдің алтын медаль үшін сынға түседі.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әйелдер арасында тағы екі боксшымыз финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Оның бірі - 50 келі салмақта сынға түскен Назым Қызайбай болса, екіншісі - 54 келі салмақта ел намысын қорғаған Дина Жоламан болатын.

Өкінішке қарай, бүгін тағы екі боксшымыз жартылай финалда қарсыластарына жол берді.

Біреуі - 60 келі салмақта сынға түскен Римма Волосенко болса, екіншісі 81 келіде ел намысын қорғаған Анастасия Баязитова.

Волосенко жартылай финалында ирландиялық Кейли Харрингтонға 0:5 есебімен жеңілсе, Баязитова ресейлік Анна Ивановаға жол берді.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT