Қазақстандық үш триатлоншы Оңтүстік Кореядағы Әлем кубогына қатысады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Триатлоннан Қазақстан командасы Оңтүстік Кореяда өтетін әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ерлер арасындағы бәсекеге жалпы есебі 67 спортшы қатысады. Олардың қатарында қазақстандықтар Дарын Қонысбаев, Семен Пивоваров және Аян Бейсенбаевтар бар.

19 қазан күні жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Сондай-ақ, әлем кубогі кезеңінде лицензиялық ұпайлар сарапқа салынады.

Соңғы жаңалықтар