Қазақстандық үш боксшы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кувейтте 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында үш қазақстандық былғары қолғап шебері финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Бокс федерациясының хабарлауынша, Кувейтте 2005-2006 жылы туған кіші жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Аталған сында ел намысын қорғап жатқан боксшылар арасынан үшеуі финалға өтті.

Атап айтар болсақ, 61 келіде Виктор Литвинов, 67 келідегі Батырхан Сейтенов және 70 келідегі тараздық Ердос Шәріпбек финалда жұдырықтасады.

Виктор Литвинов пен Батырхан Сейтеновтің финалдағы қарсыластары Өзбекстан боксшысы болса, Ердос Шәріпбектің қарсыласы үндістандық боксшы.

Соңғы жаңалықтар