Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.17 EUR 429.11
RUB 5.88 CNY 56.48
Jańalyqtar

Қазақстандық бес боксшы Болгариядағы турнирдің жартылай финалына шықты

2019 жылғы 18 ақпан 01:30 1171
Бөлісіңіз:
Қазақстандық бес боксшы Болгариядағы турнирдің жартылай финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қазақстандық бес боксшы Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан «Странджа» халықаралық турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстауда дзюдодан республикалық турнир басталды Танымал спортшылар ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасыға шынайы ризашылықтарын білдіруде

Айтулы додаға Қазақстан негізгі құраммен қатысуда.

Ұлттық олимпиада комитеті хабарлағанындай, Қазақстанның бес дүркін чемпионы Теміртас Жүсіпов 49 кг салмақта болгариялық Эргюнал Сабриді 5:0 есебімен айқын басымдылықпен ұтып, жартылай финалға жолдама алды.

Қазақстандық жас боксшы Санатәлі Төлтаев та 64 кг салмақта қытайлық Шензе Киді 5:0 есебімен тізе бүктірді.

Зәкір Сафиуллин 60 келіде тартысты бәсекеде грузиялық Отар Ераносянды жеңіп, ол да жартылай финалға шықты.

Сондай-ақ, Абылайхан Жүсіпов (69 кг) ресейлік Шахабас Махмудовты, Василий Левит (91 кг) америкалық Джаред Андерсонды қапы қалдырды. Тек аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев болгариялық Петар Белберовке есе жіберді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын алты боксшымыздың Болгариядағы турнирдің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Ал Қайрат Ерәлиев, Ерік Әлжанов, Бек Нұрмағанбет және Әнуар Мұзаппаровтар жарыс жолынан шығып қалды.

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT