Қазақстандық Ұлттық құрама боксшылары Нидерландта бақ сынады

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – 17 қараша күні Роттердамда бокстан Қазақстан мен Нидерландтың ұлттық құрамалары өзара кездесу өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Гаагадағы елшілігіне сілтеме жасап.
Биыл Нидерландтың Бокс федерациясы Қазақстан құрамасын осымен үшінші рет ұйымдастырылып жатқан World Port Boxing дәстүрлі турниріне шақырған болатын. Осыған дейін бұл турнирге 2017 жылы АҚШ пен 2018 жылы Куба құрамасы шақырылды.
Бапкер Ғалымбек Кенжебаев бұл жолғы кездесуге 8 тәлімгерін алып келді. Осы бокс кеші үшін голландтықтар 1750 адам сиятын арнайы ғимарат орнатты. Бұл кештің билеттері толығымен сатылып кетті.
«Кездесу оңайға соққан жоқ, алайда мен оған тыңғылықты дайындалған едім. Мен қарсыласымның тегеурінді әрі соққыға төзімді екенін білетінмін. Сондай-ақ біз жарыстағы алғашқы жұп болатынбыз, бұл бізге қосымша жауапкершілік түсірді»,-деді голандиялық Мирой Мэссингті жеңген Аида Әбікеева.
Келесі үш раундтық кездесуде әлем чемпионатының қола жүлдегері Абылайхан Жүсіпов пен Делан Джеймс шықты. Төрешілер жеңісті қарағандылық спортшыға берді. Өз кезегінде жасөспірімдер арасындағы Олимпиада жеңімпазы Талғат Шайкен Самми Вагенсвельдтен басым түсті.
Айта кетейік, World Port Boxing турнирінде қазақстандық 6 боксшының мерейі үстем болды. Екі елдің ерлер және әйелдер құрамаларының спортшылары қазір Нидерландта бірлескен оқу-жаттығу жиынында жүр.
Тимур Дүйсекеев
- Әлем елдерінің басшылары Қазақстан Президентін тәуелсіздік күнімен құттықтауда
- Бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов әскери борышын өтеуге аттанды
- Юлия Галышева әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды
- Израиль министрі еврейлерге пана болған қазақ халқына алғыс айтты
-
Оралда дзюдодан республикалық турнир мәреге жетті
-
Бокстан Қазақстан құрамасы Кубамен бірлескен жиын өткізеді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам