Қазақстандық үлесті арттыру - Мемлекет басшысының Үкімет алдына жүктеген стратегиялық міндеті

None
None
АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстандық үлес «Қазақстанның индустриялық өмірінің 7 күні» науқанын кездейсоқ қорытындылап отырған жоқ.

«Жергілікті әкімдіктерден бастап министрліктерге дейінгі барлық мемлекеттік құрылымдардың іс-қимылдары мен талпыныстарының бірлесіп жұмылуы, ұлттық компаниялар мен ірі бизнестердің және кез келген экономиканың қозғаушы күші саналатын отандық кәсіпкерлердің осынау идеяны ұстануы қазақстандық үлесті дамыту бағдарламасының табысты орындалуының негізгі кілті болып табылады», - делінген Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің хабарламасында.

Жалпы, қазақстандық үлесті дамыту - Мемлекет басшысы ел Үкіметінің алдына қойып отырған стратегиялық міндет болып табылады. «Қазақстандық үлесті дамыту Үкімет үшін бірінші кезектегі мәселе болуы тиіс. Біз оны ең жоқ дегенде жалпы ішкі өнімнің 50%-ына дейін жеткізуіміз керек», - деген болатын Елбасы.

Соңғы жаңалықтар