Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың деңгейі халықаралық талаптарға жауап бере алады -сарапшы пікірі

None
None
АСТАНА. Маусымның 26-cы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ -Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың деңгейі халықаралық талаптарға жауап бере алатындай жағдайға жетіп қалды.

  
Бүгін  елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан НАТО-ның «Роуз Рот» Парламенттік Ассамблеясының 71- ші семинарында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстаннның стратегиялық зерттеулер институтының Ғылыми жұмыстар жөніндегі директорының орынбасары Мариан Әбішева осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оны айтуынша, жағдайдың бұлайша қалыптасуына қарамастан шешуін күткен проблемалар да жеткілікті. «Біздіңше үкіметтік емес ұйым өкілдері қоғам ұғымы мен үкіметтік емес ұйымның рөлін жете түсінбейді. Бұл кемшіліктердің қатарына мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың арасындағы әлсіз байланысты да жатқызуға болады. Сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдардың  қызметіне қатысты нормативті құқықтық базаны да жетілдіру қажет. Бұған қоса қазір бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің әлсіздігі де мәселенің оңды шешімін табуына ықпал ете алмай отыр. Осы орайда айта кету керек, бүгінде еліміздегі үкіметтік емес ұйымдардың басым көпшілігі қалада шоғырланған. Ал ауылдық аймақтарда олар жоққа тән. Бұған үкіметтік емес ұйымдардың өз ішіндегі проблемаларын қосыңыз. Сондай-ақ олардың белсенділігі төмен әрі қаржыға қатысты мәселелерін де ашық, көпшілікке жариялы деуге келмейді. Ақпараттық насихат жұмыстарының да жағдайы  мәз емес. Соған қарамастан аталған мәселелерді тиімді шеше алған күнде бұл сектор өзін болашақта көрсете алады», - деді директордың орынбасары.

Соңғы жаңалықтар