Қазақстандық туристер қай елдерге жиі саяхаттайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл өткен сайын сырт елге саяхаттап баратын қазақстандықтардың саны артып келеді. ҚазАқпарат ҚР сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасай отырып, отандастарымыз жиі сапарлайтын 9 елдің тізімін ұсынады.

Бауырлас Түркия мемлекетін қазақстандық туристер ең қолайлы әрі тиімді мемлекет деп санаса керек. Алдыңғы үштікте Түркиядан кейін Қытай мен Біріккен Араб Әмірліктері тұр.

Германия, Таиланд және Мысыр елдері 4,5,6-орындарға жайғасса, тізімнің соңын Ресей, Қырғызстан және Чехия түйіндеген.

Бұған дейін ҚР сыртқы істер министрлігі шетелге шығуды жоспарлап жүрген азаматтарға мінез-құлық нормалары мен кедендік бақылаудан өту ережелерін ұсынған болатын.

Соңғы жаңалықтар