Қазақстандық төрт боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшылар Ташкентте өтіп жатқан 2017 жылғы Азия чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектерін аяқтады.

Ақтық сынға жолдаманы төрт боксшымыз алды: Ерік Әлжанов (81 кг.), Василий Левит (91 кг.), Абылайхан Жүсіпов (69 кг.) және Қамшыбек Құнқабаев (+91 кг.)

Финалдық жекпе-жектер 6-7 мамырда өтеді.

Ал Азамат Исақұлов (52 кг.), Қайрат Ералиев (56 кг.), Әбілхан Аманқұлов (75 кг.) және Бекдәулет Ибрагимов (64 кг.) сынды өзге спортшыларымыз турнирдегі өнерлерін аяқтап, құрлықтық біріншіліктің қола жүлдегерлері атанды.

Айта кетейік, жартылай финалға жеткен барлық боксшыларымыз 25 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында Гамбургте өтетін әлем чемпионатына қатысады. 

Соңғы жаңалықтар