Қазақстандық «Тиррено-Адриатико» көпкүндігінің төртінші кезеңінде топ жарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко «Тиррено-Адриатико» додасының төртінші кезеңінде үздік атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

«Айтулы спорт бәсекесінің төртінші кезеңінде велошабандоздарға Фолиньодан Фоссмобронеге дейінгі аралықта 221 шақырымды бағындыру межесі қойылды. А.Луценко бұл қашықтықты 5 сағат 16 минутта меңгеріп, жүзден жүйрік шықты», - деп жазылған комитеттің Фейсбук парақшасында.

Хабарламада айтылғандай, біздің спортшы мәреге соңғы 20 шақырым қалғанда екі рет құлап қалғанына қарамастан, жеңімпаз атанды. Мәреге екінші болып славениялық Примож Роглич келсе, үшінші болып ұлыбританиялық Адам Йейтс жетті.

Ал жалпы төрт кезең бойынша жерлесіміз 6 орынға тұрақтады.

Айта кетейік, аталған көпкүндік 19 наурыз күні аяқталады.

Соңғы жаңалықтар