Қазақстандық тепловоздардың алғашқы легі Бакуге жеткізілді (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Бакуге ТЭЗЗА «Evolution» сериялы қазақстандық тепловоздың алғашқы партиясы жеткізілді. Бұл оқиға Транскаспий бағдарындағы Қытай-Қазақстан - Кавказ елдері - Түркия халықаралық «Nomad express» контейнерлік пойыздың келіп жетуімен тұспа тұс келді, деп хабарлайды «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Салтанатты шарада «Әзербайжан темір жолы» ЖАҚ төрағасы Д. Гурбанов Әзербайжан темір жолы мен Қазақстан темір жолының арасында ұзақ жылдардан бері сенімді серіктестік орнағандығын атап өтті. Оның айтуынша, екі ел темір жолдарының басшылығы бұл дәстүрді жалғастыра отырып, жоғары сапалы темір жол өнімін алуды көбейте түспек.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин Қазақстанның Әзербайжанға темір жол көлігі машиналарын жеткізетін сенімді тапсырыс орындаушы екендігін айта келіп, қазіргі таңда тепловоздар, электровоздар, бағыттауыш бұрмалар мен темір жолдың басқа да өнімдерін жеткізе алатындығын айтты. Барлық келісімшарттардың бағасы 350 миллион АҚШ доллары шамасына жетіп отыр.

Бұған дейін қазақстандық тепловоздар Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Түркіменстан елдеріне экспортқа шығарылған.

Соңғы жаңалықтар