Қазақстандық теннисшілердің Страсбург турнирінде кімдермен кездесетіні белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисшілердің Страсбург (Франция) WTA 250 турнирінде кімдермен кездесетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ролан Гаррос турнирі алдындағы додада Қазақстаннан Юлия Путинцева мен Зарина Дияс бақ сынайды.

Қазақстанның екінші, әлемнің 35-ракеткасы Ю.Путинцева алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 60-орында тұрған швециялық Ребекка Петерсонмен шеберлік байқасады.

Рейтингте 93-сатыдағы З.Дияс әлемнің 53-ракеткасы, франциялық Каролин Гарсиямен кортқа шығады.

Қазіргі кезде іріктеу сайыстары өтіп жатқан жарыс 30 мамырда мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Ниццада ерекше турнирде өнер көрсететінін жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар