+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Қазақстандық теннисшілердің Рим турниріндегі қарсыластары анықталды

2021 жылғы 9 мамыр 09:57
Бөлісіңіз:
Қазақстандық теннисшілердің Рим турниріндегі қарсыластары анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисшілердің Рим WTA 1000 турниріндегі қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық палуандар Түркияда грек-рим күресінен 3 медаль жеңіп алды Теннис: Кукушкин Истбурн турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады Александр Винокуров Олимпиада күніне арналған велошеруді бастады

Жүлде қоры 1,8 млн АҚШ долларынан асатын айтулы додаға әлемнің 1-ракеткасы, аустралиялық Эшли Барти бастаған теннисшілер қатыспақшы.

Қазақстанның екінші, әлемнің 30-ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 35-орында тұрған АҚШ-тың 17 жасар жұлдызы Кори Гауффпен кездеседі.

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова әлемнің 100-ракеткасы, италиялық Мартина Тревизаннан өтуге тырысып көреді.

Қазіргі кезде іріктеу сайыстары өтіп жатқан Рим жарысы 10-16 мамыр аралығында өтеді. Өткен жылы румыниялық Симона Халеп жеңімпаз атанған болатын.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің Мадрид мастерс турнирінің жартылай финалына шыға алмағанын, Рим жарысындағы қарсыласы белгілі болғанын жазған едік.

Сондай-ақ, қазақстандық теннисшілер Мысыр мен Тунисте өткен турнирлердің жеңімпазы атанды.






Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT