Қазақстандық теннисшілердің Истбурн турниріндегі қарсыластары белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Истбурн турнирінде қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 47-ракеткасы Михаил Кукушкин алғашқы айналымда рейтингте 68-сатыдағы америкалық Сэм Куэрримен кортқа шығады. Жүлде қоры 745 880 еуроға бағаланған Истбурн турнирі 29 маусымда мәреге жетеді.

Бүгін тағы бір қазақстандық, рейтингте 85-орында тұрған А.Бублик іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 91-ракеткасы, америкалық Теннис Сандгренмен күш сынасты. Бірінші партияда есеп 4:4 болып тұрған мезгілде америкалық спортшы доп берді. Міне, осы тартысты өрбіген геймде Александр брейк жасай білді. Кейін өз геймін де берген жоқ - 6:4. Екінші сетте есеп 5:4 болғанда, Сандгрен брейк жасап кетті - 6:4. Үшінші, шешуші партияда Т.Сандгрен сәтті ойнай білді - 6:3.

Тартысты бәсеке 1 сағат 43 минутқа созылды. Осылайша А.Бублик Истбурнде негізгі жарысқа шыға алмай қалды.

Жүлде қоры 1 млн АҚШ долларына жуықтайтын Истбурндегі әйелдер турнирінде Қазақстанның бірінші, әлемнің 43-ракеткасы Юлия Путинцева бақ сынайды. Ол алғашқы айналымда әлемнің 34-ракеткасы, тағы бір америкалық Даниэль Роуз Коллинспен шеберлік байқасады.

Истбурн додасы - 1-14 шілде аралығында өтетін Уимблдон турнирі алдындағы соңғы жарыс.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Истбурнның негізгі турниріне өте алмағанын, ал Александр Бубликтің осы жарысты жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар