Қазақстандық теннисшілердің халықаралық турнирлердегі қарсыластары анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисшілердің халықаралық турнирлердегі қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 40-ракеткасы Михаил Кукушкин Португалиядағы Эшторил турниріне қатысады.

Жүлде қоры 524 340 еуроға бағаланған аталмыш турнир 5 мамырда мәреге жетеді.

М.Кукушкин жарыстың алғашқы айналымында әлемнің 30-ракеткасы, америкалық Фрэнсис Тиафомен кездеседі.

Өткен жылы осы турнирде Ф.Тиафо финалға дейін жетіп, онда португалиялық Жоау Соузаға есе жіберген болатын. Сондықтан оның биыл да жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін барын салатыны анық.

Мұның алдында М.Кукушкин Будапешт турнирінің алғашқы айналымында әлемнің 55-ракеткасы, италиялық Маттео Берреттиниден жеңіліп қалған болатын. Сол М.Берреттини жексенбі күні финалда сербиялық Филип Краиновичті ұтып, жеңімпаз атанды.

Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 38-ракеткасы Юлия Путинцева Рабат (Марокко) турнирінде бақ сынайды. Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген Ю.Путинцеваның бастапқы қарсыласы - әлемдік рейтингте 68-орында тұрған словениялық Тамара Цидансек.

Қазақстандықтар Галина Воскобоева мен Анна Данилина осы турнирдің іріктеу сайыстарына қатысқанымен, одан өте алмады. Г.Воскобоева бірінші кездесуінде-ақ жеңілсе, А.Данилина жексенбі күні сербиялық Ольга Даниловичтан аса алмады.

Ерлер арасында Барселона мен Будапешт турнирі мәреге жетсе, енді теннисшілер Эшторилден бөлек Мюнхенде бас қосады. Әйелдер арасында Штутгарт пен Ыстанбұл турнирінің жеңімпаздары анықталды. Енді Рабатпен бірге Прага додасы өтеді. Бұл жарыстардың барлығы да «Үлкен дулығаның» бірі, алдағы айда болатын Ролан Гаррос турниріне дайындық болып есептеледі. Оған қазірдің өзінде Қазақстаннан М.Кукушкин, А.Бублик, Ю.Путинцева және Зарина Дияс қатысушылардың тізіміне енді. Іріктеу сайыстарында жолы болса, басқа да қазақстандықтардың қосылуы ықтимал.

Бұл жарыстардың барлығы да «Үлкен дулығаның» бірі, алдағы айда болатын Ролан Гаррос турниріне дайындық болып есептеледі. Оған қазірдің өзінде Қазақстаннан М.Кукушкин, А.Бублик, Ю.Путинцева және Зарина Дияс қатысушылардың тізіміне енді. Іріктеу сайыстарында жолы болса, басқа да қазақстандықтардың қосылуы ықтимал.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің Мексикадағы турнирдің финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.

Әйелдер арасында Елена Рыбакина Ыстанбұлдың негізгі турниріне жолдама алып, содан кейін екінші айналымға, ширек финалына шықты. Дегенмен жартылай финалға өте алмай қалды.

Соңғы жаңалықтар