Қазақстандық теннисшілердің Чарльстон турниріндегі қарсыластары анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисшілердің АҚШ-тағы Чарльстон WTA турниріндегі қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ірі жарыста әлемнің 1-ракеткасы, аустралиялық Эшли Барти бастаған спортшылар бақ сынайды.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 119-орында тұрған америкалық Кэти Макналлимен шеберлік байқасады.

Әлемнің 28-ракеткасы Юлия Путинцева рейтингте 107-сатыдағы германиялық тәжірибелі теннисші Андреа Петковичпен ойнайды.

Рейтингте 89-орында тұрған Зарина Дияс іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен кортқа шығады. Егер Ю.Путинцева мен З.Дияс қарсыластарын ұтса, екінші айналымда өзара кездеседі.

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны, рейтингте 822-орындағы Ярослава Шведова әлемнің 76-ракеткасы, жапониялық Мисаки Доимен күш сынасады.

Қазіргі кезде іріктеу сайыстары өтіп жатқан дода 5 сәуірде басталып, 11-інде мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Денис Евсеевтің жұптық сында Португалиядағы турнирдің финалында жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар