Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингтегі орындары өзгерді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингтегі орындары өзгерді. Бұл туралы Қазақстанның Теннис федерациясы Фейсбуктегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ATP рейтингінің жаңа нұсқасында Михаил Кукушкин бір саты төмен сырғып, 48-орынға тұрақтады. Александр Бублик 4 орын жоғарылап, ТОП-90 қатарына қосылды. Бір саты көтерілген Александр Недовесов 193-орында. Жаңа рейтингте Денис Евсеев (+4) пен Дмитрий Попко (+8) да біршама жоғарылап, 306, 351-орындарға тұрақтады.

WTA рейтингінде Юлия Путинцева бір саты төмендеді. Қазір ол 39-орында. Зарина Дияс бұрынғы 90-орнында тұр. Жаңа рейтинг қазақстандық әйел теннисшілер арасында Елена Рыбакина үшін оң болды деуге болады. Бұрынғы тізімде 138-орында болған 19 жастағы теннисші қазір 135-орынға шыққан. Анна Данилина 358, Гөзал Айнитдинова 480-орында.

null null

Соңғы жаңалықтар