Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингтегі орындары белгілі болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған әлемдік рейтингті жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина 10-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 43-тен 46-ға сырғыды.

Дүниежүзілік рейтингте бұрынғыша Польша өкілі Ига Швентек көш бастаса, белоруссиялық Арина Соболенко екінші орында. Америкалық Джессика Пегула үшінші сатыға көтерілді.

Жұптық сында Анна Данилина 25-сатыда қалса, Е.Рыбакина 113-тен 114-ке төмендеді.

Үздік үштікте Катерина Синякова (Чехия), америкалық Коко Гауфф, тағы бір чехиялық Барбора Крейчикова келеді.

Бүгін Е.Рыбакина Дубай WTA 1000 турнирінде әлемнің 36-ракеткасы, канадалық Бьянка Андреескумен, Ю.Путинцева рейтингте 28-орындағы хорватиялық Петра Мартичпен ойнайды.

А.Данилина жұптық сында бразилиялық Луиза Стефанимен бірге алғашқы айналымда канадалық Лейла Фернандес – америкалық Бетани Маттек-Сандспен кездеседі.

Осы ірі жарыста қазақстандық теннисшілер сәтті өнер көрсетсе, рейтингтегі орнын жақсарта алады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Дубай турниріндегі қарсыласы анықталғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Бублик Францияда Марсель жарысында бақ сынайды.


Фото: instagram.com/lenarybakina

Соңғы жаңалықтар