Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингтегі орындары анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингтегі орындары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 10-орнын сақтап қалды.

Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 40-тан 42-ге сырғыды.

ТОП-3 өзгеріссіз қалды: Польша өкілі Ига Швентек көш бастаса, белоруссиялық Арина Соболенко екінші, америкалық Джессика Пегула үшінші сатыда.

Жұптық сында Анна Данилина 26-дан 25-ке, Елена Рыбакина 97-ден 96-ға көтерілді.

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингісінде Александр Бублик 46-орнында қалса, Тимофей Скатов 134-тен 140-қа төмендеді.

Сербиялық Новак Джокович, испаниялық Карлос Алькарас, грекиялық Стефанос Циципас бұрынғыша үздік үштікте келеді.

Жұптық сында Андрей Голубев 51-ден 58-ге, Александр Недовесов 68-ден 69-ға, А.Бублик 181-ден 185-ке сырғыды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Астанадағы жарыстың жеңімпазы атанғанынжазған болатынбыз.

Сондай-ақ Астанадағы жарыстың іріктеу сатысында бес қазақстандық теннисші бақ сынайды.


Соңғы жаңалықтар