Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингтегі орындары анықталды

Автор:  
Ғайсағали Сейтақ

Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингтегі орындары анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингтегі орындары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 10-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 44-тен 45-ке сырғыды.

Жұптық сында Анна Данилина 11-сатыда тұрса, Е.Рыбакина 108-ден 111-ге түсті.

Ерлер арасында еліміздің көшбасшысы Александр Бублик 36-дан 50-ге дейін құлдырады. Есесіне Тимофей Скатов 129-дан 127-ге көтерілді. Бұл – оның спорттық жолындағы ең үздік көрсеткіші.

Жұптық сында Андрей Голубев 48-ден 47-ге жоғарыласа, Александр Недовесов 65-тен 67-ге сырғыды.

Қазақстандық теннисшілер осы аптадағы жарыстарда сәтті өнер көрсетсе, рейтингтегі орындарын жақсарта алады.

Атап айтқанда, Елена Рыбакина Әбу-Даби WTA 500 турнирін екінші айналымнан бастайды. Юлия Путинцеваның да негізгі додаға қосылуына мүмкіндігі бар.

Ал Александр Бублик Монпелье (Франция) турнирінде өткен жылғы чемпиондық атағын қорғайды. Егер жарысты ерте аяқтаса, рейтингілік ұпайларын жоғалтады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Әбу-Даби турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Дэвис кубогінде Қазақстанмен матчта Чили құрамасы алға шықты.

Қазақстан Чили құрамасынан жеңіліп қалды.





Серіктестер жаңалықтары