Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингтегі орны белгілі болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингтегі орны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Майами мастерс турнирінің финалына дейін жеткен Елена Рыбакина 7-орнында қалды.

Юлия Путинцева 47-інші, Жібек Құламбаева 441-інші, Гөзал Айнитдинова 450-сатыда келеді.

Жұптық сында Анна Данилина 27-орнын сақтады.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 48-ден 56-ға сырғыса, Тимофей Скатов 155-тен 144-ке көтерілді. Денис Евсеев те жағдайын жақсартты, ол 302-орынға жайғасты. Бейбіт Жұқаев 343-тен бірден 315-ке жоғарылады.

Жұптық сында Андрей Голубев 68-інші, Александр Недовесов 70-сатыда тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннисші Елена Рыбакинаның Майами турнирінің финалында жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Майами турнирінің финалисі Елена Рыбакина қанша табыс тапқаны хабарланды.

Елена Рыбакина Майамиде 70-ке жуық эйс жасап, теннис тарихында рекорд жасады.

Юлия Путинцеваның Чарльстон турниріндегі қарсыласы анықталды. Теннисші Жібек Құламбаева Түркиядағы турнирдің абсолютті чемпионы атанды.

Елена Рыбакина топырақ төсенішіндегі маусымда табысты өнер көрсеткісі келетінін айтты.


Соңғы жаңалықтар