+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингілердегі орны

2021 жылғы 26 қазан 17:16
Бөлісіңіз:
Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингілердегі орны

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (АТР) мен Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) өз рейтингілерін жаңартты. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Аты аңызға айналған Мұхаммед Әлидің немересі рингке шығады Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі төртінші жекпе-жегінің трансляциясын қайдан көруге болады Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» бүгін «Нефтехимик» командасымен кездеседі

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик бір орынға көтеріліп, 34-ші сатыға оралды. Бұл оның әлемдік рангтар туралы кестедегі ең жоғарғы нәтижесі.

Тимофей Скатов үш позиция алға жылжып, өзінің жеке рекордын орнатты – 266 орын.

Михаил Кукушкин 12 орынға төмен сырғып, 159-шы болды.

Дмитрий Попко 162-орында, Денис Евсеев бір орын жоғалтып, 371-ші сатыға жайғасты.

Бейбіт Жұқаев 14 орын көтеріліп, рейтингінің 746-шы тізімінен көрінді.

Әйелдер рейтингінде Елена Рыбакина екі позиция жоғалтып, 19-шы орынға түсіп қалды.

Юлия Путинцева 44-ші позицияда қалса, Зарина Дияс төрт орын көтеріліп, үздік жүздікке қайта оралды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT