Қазақстандық теннисшілер Уимблдон турнирінде бақ сынайды

None
None
АСТАНА. Маусымның 21-і ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін әлемдегі ең көне әрі мәртебелі теннис турнирлерінің, «Үлкен шлем» төрт турнирінің бірі Уимблдон турнирі басталады.

Еліміздің Теннис федерациясының хабарлауынша, аталған байрақты бәсекеге Қазақстанның 3 теннисшісі қатыспақ. Қазақстанның бірінші ракеткасы мәртебесі бар Ярослава Шведова бүгін осы турнир аясында словениялық Полона Херцогпен кездеседі. Ал тағы екі спортшымыз Евгений Королев пен Андрей Голубевте алғашқы ойындарын бүгін өткізбек. Алғашқы айналымдағы Е.Королевтің қарсыласы аргентиналық Эдуард Шванко болса, А.Голубев чех Томаш Бердыхпен ойнайды.

Айта кетейік, бұл турнир жыл сайын маусым-шілде айларында Лондоннның Уимблдон аймағында өткізіледі. Ағашқы турнир Уимблдондағы жалпыағылшындық лаун-теннис және крокет клубының алаңында 1877 жылы өткізілген болатын. Жарысқа 22 теннисші қатысып, ақтық бәсеке ойынын 200-ге жуық көрермен тамашалады. Уимблдонның бірінші жеңімпазы мәртебесін 27 жастағы Спенсер Гор иеленді. Ал әйелдер арасындағы турнир 1884 жылы енгізіліп, оған 13 спортшы қатысты. Сонымен қатар осы жылы ерлер арасындағы жұптық бәсеке, ал 1913 жылы әйелдер арасындағы жұптық ойындар турнир бағдарламасана енгізілді.

2010 жылғы Уимблдонның жүлде қоры 1968 жылмен салыстырғанда 525 есе ұлғайып отыр. Атап айтқанда, осыдан 42 жыл бұрын турнирдің жалпы қоры 26,15 мың фут стерлинг болатын. Ал осы жолы теннисшілер 13,725 миллион фунт стерлинг үшін жарыс алаңына шығады.

Соңғы жаңалықтар