Қазақстандық теннисшілер Түркиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисшілер жұптық сында Анталия қаласында (Түркия) өтіп жатқан ITF World Tennis Tour W15 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Жанель Рүстемова мен Сандуғаш Кенжебаева ширек финалда тунистік Әл Зейнаб – ресейлік Мария Сысоевамен кездесті.

Қазақстан спортшылары қарсыластарын 6:2, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Ж.Рүстемова мен С.Кенжебаева жартылай финалда тағы бір қазақстандық Аружан Сағындықова – қытайлық Ю-Юн Лимен шеберлік байқасады.

Қазақстандық-қытайлық жұп ширек финалда жарыстың 4-ракеткалары, Ресей спортшысы Ева Гаркуша – Швейцария өкілі Катерина Цыгуновадан айласын асырып кетті – 6:2, 4:6, 14:12. Үшінші, шешуші супер тай-брейкте Ева мен Катерина төрт матчболды пайдалана алмады.

Осылайша, Анталия додасында жұптық сында қазақстандық теннисші өнер көрсететін болады.

Сонымен қатар 17 жасар Аружан Сағындықова жекелей сында да жарысты жалғастыруда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Түркиядағы жарыстың ширек финалына өткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар