Қазақстандық теннисшілер Португалиядағы турнирді сәтті бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисшілер Денис Евсеев пен Тимофей Скатов Оэйраш (Португалия) челленджер турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Д.Евсеев бастапқы кездесуін хорватиялық Нино Сердарушичпен өткізді.

Қазақстандық теннисші 1 сағат 40 минутқа созылған матчта 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Д.Евсеев 10 брейк-пойнттың алтауын пайдалана білді. Ол келесі айналымда португалиялық Нуно Боргеспен кездеседі.

Т.Скатов алғашқы айнадымда Нидерланды өкілі Игор Сийслингті 2:6, 6:2, 7:6 (7:4) есебімен ұтты. Тартысты бәсеке 2 сағат 14 минутқа созылды. Т.Скатов 8 брейк-пойнттың тең жартысын өз пайдасына жазды. Ол ширек финалға шығу үшін тағы бір португалиялық Гонсалу Оливейрамен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастағанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар