+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Қазақстандық теннисшілер Мәскеуде Кремль кубогында бақ сынайды

2021 жылғы 17 қазан 12:45
Бөлісіңіз:
Қазақстандық теннисшілер Мәскеуде Кремль кубогында бақ сынайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисшілер Мәскеуде Кремль кубогы турнирінде бақ сынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Қазақстандықтар Азия командалық біріншілігінің финалына шықты Теннис: Қазақстандық қыздар Азия біріншілігінің жартылай финалына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 16-ракеткасы Елена Рыбакина 18-24 қазан аралығында өтетін Кремль кубогы WTA 250 жарысына қатысады.

Доданың 7-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 37-орында тұрған чехиялық Маркета Вондроушовамен шеберлік байқасады.

Жүлде қоры 565 мың АҚШ долларынан асатын, пандемияға байланысты былтыр өтпей қалған жарысқа 2019 жылғы чемпион, швейцариялық Белинда Бенчич қатыспайды.

Ерлер арасындағы осы турнирде Қазақстанның бірінші, әлемнің 37-інші, доданың 5-ракеткасы Александр Бубликтің қарсыласы кейін белгілі болады.

Жүлде қоры 697 мың АҚШ долларынан асатын бұл жарыста 2019 жылы ресейлік Андрей Рублев үздік шыққан болатын. Дүниежүзілік рейтингте бесінші сатыда тұрған ол биыл бірінші ракетка болып тіркелген.

Тағы бір қазақстандық, рейтингте 165-сатыдағы Дмитрий Попко іріктеу сайыстарында әлемнің 106-ракеткасы, литвалық Ричардас Беранкистен 4:6, 1:6 есебімен ұтылып қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның жұптық сында Индиан-Уэллс жарысының финалында жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT