+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Қазақстандық теннисшілер Хорватиядағы турнирдің финалына шықты

2021 жылғы 14 мамыр 21:14
Бөлісіңіз:
Қазақстандық теннисшілер Хорватиядағы турнирдің финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар Александр Недовесов пен Андрей Голубев жұптық сында Загреб (Хорватия) челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Елена Рыбакина Истбурн турнирінің екінші айналымына шықты

Осы жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген Недовесов пен Голубев ширек финалда тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко - чилилік Алехандро Табиломен кездесуі керек еді.

Әйтсе де қарсыластары ойынға келмей қалды да, қазақстандықтар жартылай финалға өтті.

Жартылай финалда Польша өкілдері Шимон Вальков - Ян Зелинскимен шеберлік байқасты.

Қазақстандық жұп 7:6 (7:5), 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бәсеке сағат жарымға созылды.

А.Недовесов пен А.Голубев финалда америкалықтар Эван Кинг - Хунтер Рис немесе монаколық Ромен Арнеодо - франциялық Альбано Оливетти жұптарының қай жеңгенімен бас жүлдені сарапқа салады.

Тағы бір қазақстандық Тимофей Скатов Түркиядағы Анталия ITF жарысының ширек финалында аустриялық Александр Эрлерге 6:4, 2:6, 1:6 есебімен есе жіберді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың Түркиядағы турнирдің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT