+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Қазақстандық теннисшілер Хорватиядағы турнирдің финалына шыға алмады

2021 жылғы 17 сәуір 08:30
Бөлісіңіз:
Қазақстандық теннисшілер Хорватиядағы турнирдің финалына шыға алмады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Александр Недовесов пен Андрей Голубев жұптық сында Хорватиядағы Сплит 2 челленджер турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Қайрат» ойыншысы соққан гол Чемпиондар Лигасының үздік төрттігіне кірді Президент тапсырмасы: Балалар спортпен және шығармашылықпен тегін айналысады Футболдан Чемпиондар лигасы: «Манчестер Сити» финалға жолдама алды

Доданың 2-ракеткалары болып тіркелген қазақстандық жұп жартылай финалда Польша өкілдері Шимон Валков – Ян Зелинскимен кездесті.

Бұдан бір апта бұрын Сплиттегі осындай бірінші жарыстың финалында қазақстандықтар Ш.Валков пен Я.Зелинскиді ұтып, чемпион атанған болатын.

Бұл жолы поляктар сәттірек ойнады. Олар бірінші партияда 6:3 есебімен басым түсті. Екінші сетте тай-брейкте жеңісті бермеді – 7:6 (7:1).

Бәсеке 1 сағат 19 минутқа созылды.

Финалда Ш.Валков пен Я.Зелински франциялықтар Грегуар Баррер – Альбано Оливеттимен бас жүлдені сарапқа салады.

Қазақстанның екінші, әлемнің 101-ракеткасы Михаил Кукушкин Барселона ATP турнирінің іріктеу сайыстарында бақ сынайды. Ол бастапқы кездесуінде дүниежүзілік рейтингте 293-орында тұрған испаниялық Карлос Химено Валеромен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ю.Путинцеваның Қазақстан – Аргентина матчын жеңіспен бастағанын, кейін есептің теңескенін жазған болатынбыз.

Аргентинаның Кордова қаласында екі елдің арасындағы матч қайта жалғасады.

Бүгінге Елена Рыбакина – Надя Подороска, Юлия Путинцева – Мария Лурдес Карле, жұптық сында Ярослава Шведова мен Анна Данилина және Н.Подороска мен М.Л.Карле кездесуі жоспарланып отыр. Матчтың өтуіне және ойыншылардың жағдайына қарай өзгерістер енгізілуі ықтимал.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT