Қазақстандық теннисшілер Australian Open турнирінде өнер көрсетеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Аустралия ашық чемпионатының ұйымдастыру комитеті биылғы бірінші «Үлкен дулыға» турниріне қатысатын ойыншылар тізімін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жекелей сында Қазақстанның барлық көшбасшы теннисшілері Елена Рыбакина, Александр Бублик және Юлия Путинцева өнер көрсетеді.

Оларға іріктеу сайысында бақ сынап жатқан Тимофей Скатов пен Михаил Кукушкин қосылуы мүмкін.

Сондай-ақ жұптық сында мына ойыншылар тізімге енді: Андрей Голубев – Александр Недовесов, Александр Бублик – Джон-Патрик Смит (Аустралия), Анна Данилина – Саня Мирза (Үндістан), Елена Рыбакина – Анастасия Павлюченкова (Ресей), Юлия Путинцева – Софья Кенин (АҚШ).

Аустралия ашық чемпионаты 16-29 қаңтар аралығында өтеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның жұптық сында Аделаида турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Михаил Кукушкин Аустралия ашық чемпионатында іріктеу сайысының жартылай финалына шықты.


Фото: ktf.kz


Соңғы жаңалықтар