Қазақстандық теннисшілер АТР жарыстарының жартылай финалына шыға алмады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисшілер АТР жарыстарының жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында Буэнос-Айрес (Аргентина) АТР 250 турнирінің ширек финалында аргентиналықтар Максимо Гонсалес – Андреас Мольтенимен шеберлік байқасты.

Тартысты өткен бәсекеде корт иелері 6:3, 6:7 (7:9), 10:8 есебімен басым түсті.

Өткен аптада Кордобада (Аргентина) өткен додада да Андрей мен Александр осы жұпқа есе жіберген еді.

Тағы бір қазақстандық Александр Бублик пен швейцариялық Стэн Вавринка Роттердам (Нидерланд) ATP 500 турнирінің ширек финалында бельгиялықтар Сандер Жилле – Йоран Флигенге ұтылды – 4:6, 4:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы анықталғанын жазған болатынбыз.


Фото: ktf.kz

Соңғы жаңалықтар