Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингіде жоғары көтерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингіде жоғары көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, ерлер арасында ел құрамасының үздігі Александр Бублик 38-ден 37-ге жоғарылады.

Сөйтіп ол өзінің рекордтық көрсеткішіне қайта оралды. Тағы бір қазақстандық Михаил Кукушкин де бір саты көтеріліп, қазір 129-орында тұр.

Жұптық сында Андрей Голубев 36-орнын сақтап қалса, Александр Недовесов 84-тен 82-ге ауысты.

Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бір сатыға кейін сырғып, 20-орында келеді. Ал Юлия Путинцева 35-тен 33-ке, Зарина Дияс 112-ден 110-ға жоғарылады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жас теннисшілердің Өзбекстанда өткен жарыста жеңімпаз атанғанын, Зарина Диястың Чикагода негізгі турнирге жолдама алғанын жазған болатынбыз.

З.Дияс Чикаго WTA 250 турнирінің алғашқы айналымында франциялық Кристина Младеновичпен кездеседі.

Тағы бір қазақстандық Анна Данилина Кливленд WTA 250 жарысында тартысты матчта америкалық Кэти Макналлиден 6:7 (4:7), 7:5, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.




https://kaz.inform.kz/news/tennis-zarina-diyas-chikagoda-negizgi-turnirge-zholdama-aldy_a3826934


Соңғы жаңалықтар