+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Қазақстандық теннисшілер АҚШ-тағы турнирдің жеңімпазы атанды

2020 жылғы 22 қараша 12:01
Бөлісіңіз:
Қазақстандық теннисшілер АҚШ-тағы турнирдің жеңімпазы атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында Орландо (АҚШ) челленджер турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Хоккей: «Барыс» екінші ойын қатарынан жеңіске жетті Футболдан Қазақстан біріншілігі мәресіне жетті Футбол: «Шахтер» төртінші орын алды

Осы жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген А.Голубев пен А.Недовесов финалда америкалықтар Митчелл Крюгер мен Джексон Уитроумен бас жүлдені сарапқа салды.

Қазақстандық жұп бірінші партияда 7:5 есебімен басым түссе, екіншісінде де мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ – 6:4.

Финалдық бәсеке 1 сағат 13 минутқа созылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің АҚШ-тағы турнирдің финалына шыққанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT