Қазақстандық теннисшілер АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында Орландо (АҚШ) челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Доданың 2-ракеткасы болып тіркелген А.Голубев пен А.Недовесов жартылай финалда франциялықтар Садио Думбия мен Фабьен Ребульмен кездесті.

Қазақстандық жұп 1 сағат 18 минутқа созылған бәсекеде 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

А.Голубев пен А.Недовесов финалда осы турнирдің 1-ракеткалары, мексикалықтар Ханс Хах пен Мигель-Анхель Рейес-Варела немесе америкалықтар Митчелл Крюгер мен Джексон Уитроу жұптарының қай жеңгенімен кездеседі.

Тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко жекелей сында жартылай финалға шыға алмады. Ол үндістандық Праджнеш Гуннесвараннан 0:6, 3:6 есебімен ұтылып қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Голубев пен А.Недовесовтің АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар