Қазақстандық теннисші жұптық сында Женева турнирін жеңіспен бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Женева ATP 250 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, А.Голубев хорватиялық Марин Чиличпен бірге алғашқы айналымда франциялық Артур Казо - қытайлық Ханвен Лимен кездесті.

Қазақстандық-хорватиялық жұп 7:6 (7:5), 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Бәсеке 1 сағат 22 минутқа созылды.

А.Голубев пен М.Чилич төрт брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Қарсыластары екі брейк жасады.

Қазақстандық-хорватиялық жұп ширек финалда осы жарыстың үшінші ракеткалары оңтүстікафрикалық Равен Класен - жапониялық Бен Маклахланмен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ю.Путинцеваның Сербия ашық чемпионатын жеңіспен бастағанын, қазақстандық теннисшінің Лион турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар