Қазақстандық теннисші жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің ширек финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Григорий Ломакин украиналық Владислав Манафовпен бірге жұптық сында елордада Forte Challenger 125 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, қазақстандық-украиналық жұп бастапқы кездесуін үндістандық Нсриам Баладжи – словениялық Блаж Роламен өткізуі керек еді.

Алайда қарсыластарының бірінің жарақатына байланысты Г.Ломакин мен В.Манафов ойнамай-ақ ширек финалға жолдама алды.

Турнирге арнайы шақырту алған тағы бір қазақстандық Достанбек Ташболатов пен өзбекстандық Сергей Фомин төртінші ракетка болып тіркелген канадалықтар Петр Полански – Брайден Шнурмен күш сынасады. Г.Ломакин мен В.Манафов осы жұптардың қай жеңгенімен кездеседі.

Осының алдында елордада өткен Forte Challenger 100 додасының жеңімпазы Александр Недовесов бұл жолы сербиялық Виктор Троицкимен жұп құрып, ресейліктер Ян Бондаревский – Алибек Кочмазовтың шамасын байқап көреді.

Дмитрий Попко грузиялық Александр Метревелимен бірге жапониялық Татцума Ито – ұлыбританиялық Райан Пенистонмен ойнайды.

Ал Тимофей Скатов жекелей сында ширек финалға шығу үшін аустриялық Себастьян Офнермен таласады. Содан кейін осы күннің соңғы матчында фин Отто Виртаненмен бірге ресейліктер Богдан Бобров – Евгений Донскоймен сынға түседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Т.Скатовтың екінші айналымға шыққанын, Е.Рыбакинаның Дохада тартысты матчта қарсыласына есе жібергенін жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар