Қазақстандық теннисші Уимблдон жарысын сәтті бастады
2022 жылғы 30 маусым 01:28

Қазақстандық теннисші Уимблдон жарысын сәтті бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші пәкістандық Айсам Курешимен бірге бастапқы кездесуін аустралиялық Джеймс Дакворт – америкалық Маркос Хиронмен өткізді.

Қазақстандық-пәкстандық жұп қарсыластарынан 6:3, 6:7 (10:12), 6:1, 6:2 есебімен басым түсті.

Екі жарым сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты матч барысында Недовесов пен Куреши 7 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Олар үшінші айналымға шығу үшін бразилиялық Рафаэль Матос – испаниялық Давид Вега-Эрнандеспен таласады.

Тағы бір қазақстандық Андрей Голубев украиналық Денис Молчановпен бірге алғашқы айналымда испаниялық Педро Мартинес Портеро – аустралиялық Джон-Патрик Смитке есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды – 3:6, 6:7 (1:7), 4:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның екінші айналымға өткенін, әлемде эйс жасаудан көш бастап келе жатқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Бублик Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты.





Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT