Қазақстандық теннисші Таиландтағы жарыстың ширек финалына шықты

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Нонтабуриде (Таиланд) өтіп жатқан ATP Challenger Tour Bangkok Open 3 жарысының ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші тайбэйлік Рэй Хомен бірге бастапқы кездесуін сәтті өткізді.

Г.Ломакин мен Р.Хо корт иелері Чайарин – Нойкорды 6:1, 7:6 (9:7) есебімен тізе бүктірді.

Қазақстандық-тайбэйлік жұп жартылай финалға шығу үшін оңтүстіккореялық Юнсунг Чун – жаңазеландиялық Ажэт Рэймен таласады. Олар жапониялықтар Синдзи Хазава – Юсукэ Ватанукиді ұтты – 6:1, 6:3.

Тағы бір қазақстандық, рейтингте 355-орындағы Бейбіт Жукаев жекелей сында екінші айналымда әлемнің 242-інші, осы доданың 1-ракеткасы Ю.Ватанукиге есе жіберді – 3:6, 3:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын ТОП-10-ға кіретін бес теннисшінің Astana Open ATP 500 турнирінде өнер көрсететінін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ теннисші Бейбіт Жукаев ҚР Президенті кубогының 3 дүркін чемпионын ұтты.


Фото: ktf.kz




Соңғы жаңалықтар