+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Қазақстандық теннисші Словакиядағы турнирдің ширек финалына шықты

2021 жылғы 10 маусым 01:05
Бөлісіңіз:
Қазақстандық теннисші Словакиядағы турнирдің ширек финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Братислава (Словакия) челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Елена Рыбакина Мәскеу турнирінің екінші айналымына шыға алмады Теннис: Александр Бублик әлемдік рейтингіде 35-орынға көтерілді Теннис: Елена Рыбакина жұптық рейтингіде бірден 47 саты жоғары көтерілді

Қазақстандық теннисші украиналық Денис Молчановпен бірге бастапқы кездесуін аргентиналықтар Ренцо Оливо – Федерико Кориамен өткізді.

Осы доданың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық-украиналық жұп 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Бәсеке 1 сағат 15 минутқа созылды.

А.Недовесов пен Д.Молчанов бір эйс жасап, бес брейкке қол жеткізді. Қарсыластары екі брейкпен шектелді.

Қазақстандық-украиналық жұп жартылай финалға шығу үшін швейцариялық Лука Маргароли – үндістандық Шрирамбала Нараянасвамимен таласады.

Тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко мысырлық Мохамед Сафватпен бірге жұптық сында Алматыда өтіп жатқан челленджер турнирінде ширек финалға шықты. Олар осы жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген канадалық Брейден Шнур – тайбэйлік Цун-Хуа Янды 7:6 (7:4), 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Бұл жұп ширек финалда чилилік Томас Барриос – италиялық Риккардо Бонадиомен шеберлік байқасады.

Д.Попко мен Тимофей Скатов Алматы додасында жекелей сында да өнер көрсетуін жалғастырады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Т.Скатовтың Алматы турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз. Елена Рыбакина жұптық сында Ролан Гаррос турнирінің жартылай финалына шыға алмады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT