Қазақстандық теннисші Швейцариядағы турнирдің финалына шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Бейбіт Жұқаев Швейцарияның Тримбах қаласында өтіп жатқан ITF турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтау теннис мектебінің түлегі, осы жарыстың бесінші, әлемнің 318-ракеткасы Б.Жұқаев алдымен швейцариялық Ян Себестаны 7:6 (9:7), 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Содан кейін екінші айналымда италиялық Марселло Серафиниді (508 АТР) 6:3, 3:6, 6:3 есебімен ұтты. Ширек финалда ресейлік Ян Сабанинді (1177 АТР) жолдан тайдырды – 6:4, 7:6 (7:5).

Жартылай финалда Бейбіт доданың бірінші, әлемнің 250-ракеткасы, аустриялық Максимилиан Нойхристі 6:3, 6:4 есебімен қапы қалдырды.

Б.Жұқаев финалда турнирдің екінші, әлемнің 258-ракеткасы, Польша өкілі Каспер Жукпен бас жүлдені сарапқа салады. К.Жук жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 267-орында тұрған германиялық Даниэль Мазурды жеңді – 3:6, 6:3, 7:5.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын әлемнің 1-ракеткасын ұтқан Елена Рыбакинаның алғаш рет Индиан-Уэллс мастерс турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Бублик АҚШ-тағы жарыстың ширек финалына өтті.

Елена Рыбакина ойнайтын Индиан-Уэллс турнирінің финалы тарихта қалады.

Елена Рыбакина әлемнің сегізінші ракеткасы атанды.

Соңғы жаңалықтар