+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Қазақстандық теннисші Швейцариядағы турнирдің чемпионы атанды

2021 жылғы 10 сәуір 23:45
Бөлісіңіз:
Қазақстандық теннисші Швейцариядағы турнирдің чемпионы атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Анна Данилина грузиялық Екатерина Горгодземен бірге жұптық сында Швейцариядағы W60 BELLINZONA ITF турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мадрид турнирі: Александр Бублик жұптық сынды сәтті бастады Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, қазақстандық-грузиялық жұп жүлде қоры 60 мың АҚШ долларына бағаланған жарыстың финалында канадалық Ребекка Марино – жапониялық Юки Наитомен кездесті.

А.Данилина мен Е.Горгодзе басты бәсекеде 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Дода барысында олар алғашқы айналымда корт иелері Дженни Дерст – Себастьяна Скллипотидің 6:2, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Сосын ширек финалда украиналық Ангелина Калинина – ресейлік Валерия Савиныхтан айласын асырды – 7:6, 6:4.

Жартылай финалда қазақстандық пен грузиялық спортшы чехиялықтар Анастасия Детюк – Йохана Марковамен кортқа шықты. Бұл жұп ширек финалда осы жарыстың 1-ракеткалары белоруссиялық Лидия Морозова – румыниялық Кристина-Андреа Митуді 7:6, 3:6, 10:8 есебімен жеңіп кеткен еді. Дегенмен олар А.Данилина мен Е.Горгодзеге қарсылық көрсете алмады – 2:6, 2:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ю.Путинцеваның Чарльстон жарысының жартылай финалына шыға алмағанын, қазақстандық жұптың Хорватияда жеңімпаз атанғанын жазған едік.






Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT