Қазақстандық теннисші Сербиядағы турнирдің финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Сербиядағы Прокупле ITF W25 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген Ж.Құламбаева мен үндістандық Пратхан Тхомбаре жартылай финалда румыниялық Илоне-Георгиана Гиорайе - италиялық Ангелина Морателлимен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-үндістандық жұп 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Енді олар финалда испаниялық Лейре Ромеро-Гормаз - хорватиялық Тара Вюртпен бас жүлдені сарапқа салады.

Тағы бір қазақстандық Гөзал Айнитдинова үндістандық Зил Десаимен бірге жұптық сында Үндістанда жартылай финалда жапониялықтар Момоко Робори - Мисаки Мацудадан ұтылып қалды - 2:6, 4:6.

Ерлер арасында Григорий Ломакин жұптық сында украиналық Владислав Манафовпен бірге Милан челленджер жарысының финалына шыға алмады. Олар жартылай финалда италиялық Лусиано Дардери - бразилиялық Фернандо Ромболиге есе жіберді - 2:6, 6:7 (4:7).

Еске сала кетейік, бұдан бұрын әлемнің бірінші ракеткасы Даниил Медведевтің Astana Open турнирінде ойнайтынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық теннисші Миландағы турнирдің жартылай финалына шықты.


Соңғы жаңалықтар