Қазақстандық теннисші Сербияда ширек финалға шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Сербиядағы Прокупле ITF W25 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші үндістандық Пратхан Тхомбаремен бірге бастапқы кездесуін ресейлік Дарья Лодикова – германиялық Луиза Мейер-Хайдемен өткізді.

Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Ж.Құламбаева мен П.Тхомбаре 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық-үндістандық жұп жартылай финалға шығу үшін сербиялықтар Ивана Йорович – Деяна Радановичпен таласады.

Жекелей сында Жібек алғашқы айналымда испаниялық Лейра Ромероға есе жіберді – 3:6, 1:6.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 33-ракеткасы Юлия Путинцева Истборн WTA 500 жарысының үшінші айналымында рейтингте өзінен үш саты төмен тұрған украиналық Ангелина Калининадан ұтылып қалды – 3:6, 6:2, 3:6. Сөйтіп ширек финалға шыға алмады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкиннің Уимблдонда іріктеу сайыстарының финалына шыққанын, Зарина Диястың биылғы жарыстарға қатыса алмайтынын мәлімдегенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Бублик Истборн турнирінің ширек финалына өтті.





Соңғы жаңалықтар