+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Қазақстандық теннисші Ресей чемпионын ұтты

2020 жылғы 22 қазан 00:33
Бөлісіңіз:
Қазақстандық теннисші Ресей чемпионын ұтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үстел теннисінен неміс бундеслигасында сынға түсетін қазақстандық Кирилл Герасименко Werder командасы сапында кезекті матчта жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

«Турнир кестесінің 9-шы сатысында келе жатқан «Вердер» «ТТС ОЕ» клубымен жолыққан болатын. Кездесу нәтижесінде 3:1 есебімен бремендіктер жеңіске жетті. Ал Кирилл Герасименко Ресей чемпионы Лев Кацманды 3:1 есебімен ұтты. Осыдан соң, қазақстандық теннисшінің командасы 7-ші сатыға көтерілді», деп жазады Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті.

Бұған дейін Кирилл Герасименко Гранададағы(Испания) ITTF Challenge Spanish Open кезеңі аясындағы халықаралық жарыста жеңімпаз атанды. Аталған жарыстың финалында ол Германиялық Бенедикт Дудомен кездесті.

Тартысты өткен шешуші ойын 7 айналымға созылды. Соңғы кезеңде Герасименко 11:7 есебімен жеңіске жетті.

Біріншілік барысында ол 6 кездесу өткізіп, қарсылас шақ келтірмеген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT