Қазақстандық теннисші Португалиядағы жарыстың ширек финалына шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық, әлемнің 242-ракеткасы Тимофей Скатов Брага (Португалия) челленджер жарысының ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 260-орында тұрған доминикандық Ник Хардтпен өткізді.

Т.Скатов 6:4, 6:0 есебімен жеңіске жетті.

Тимофей екінші айналымда әлемнің 152-інші, осы жарыстың 5-ракеткасы, франциялық Мануэль Гинармен шеберлік байқасты.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта қазақстандық спортшы қарсыласын 6:1, 6:0 есебімен ойсырата ұтты.

Т.Скатов жартылай финалға шығу үшін әлемнің 121-інші, турнирдің 2-ракеткасы, испаниялық Карлос Табернермен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Токио турнирінде жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ «Astana Open» турнирінде «Үлкен дулыға» жарысының бес чемпионы өнер көрсетеді.

Александр Бублик Франциядағы турнирді жеңіспен бастады.








Фото: sports.kz


Соңғы жаңалықтар